The Dala Times ақпараттық сайты
Әлем

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Путинді президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді

РЕСЕЙ. KAZINORM — Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) РФ президенттігіне өзін-өзі ұсынған кандидат, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинді тіркеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды. 

Путин президенттік сайлауда тіркелген төртінші кандидат болды. Бұған дейін ОСК үш парламенттік партияның өкілдері – Леонид Слуцкий (ЛДПР), Владислав Даванков («Новые люди») және Николай Харитоновты (КПРФ) тіркеген болатын.

Путин үшін алдағы сайлау саяси мансабындағы бесінші сайлау болады, оған дейін ол төрт рет мемлекет басшысы болып сайланған (2000, 2004, 2012, 2018). Ең жақсы нәтиже 2018 жылы көрсетілді, ол кезде Путин сайлаушылардың 76,69% дауысын жинады. 

Ұқсас жаңалықтар

Қытай халқы рекордық деңгейде азайып бара жатыр

admin

Моңғолияда боранда із-түзсіз жоғалған 294 адам құтқарылды

admin

Суд в России вынес приговор по делу о пожаре в «Зимней вишне»

admin