The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

«10 жылдағы жақсы көрсеткіш». Министр азық-түлік бағасы қалай өзгергенін айтты

 Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткенін айтты.

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 141,4 миллиард долларға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6 миллиард долларға өскен. Бұл ретте сауда балансы 3,1 миллиард долларға өсті және 21,8 миллиард долларға жетіп отыр. Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі өткен жылы 10,7 пайызға өсіп, 40,2 миллиард доллар болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 1,4 пайыз ғана. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіш, — дейді Шаққалиев министрліктің алқа отырысында.

Министрдің сөзінше, сауда – ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі. 

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин картоптың бағасы неге арзандамай отырғанын түсіндірген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Шағын несие алған кәсіпкер жұп өнер мектебін ашты

admin

Соңғы 5 айда тауар айналымының көлемі ұлғайды – Сауда министрлігі

admin

Дәрі бағасы жаппай қымбаттаған жоқ – Денсаулық сақтау министрлігі

admin