The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда есірткі жарнамасын таратқан әйел ұсталды

 Алматы қаласының Алмалы ауданында QR-код жапсырылған жарнамалық парақшаларды таратты деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері аулаларды патрульдеу кезінде тыйым салынған интернет-ресурстарға апаратын QR-кодтары бар жарнамалық парақшаларды таратты деген күдікпен әйелді ұстады. Полицияның мәліметінше, парақшаларда қосымша табыс табуға ұсыныс жасалған. Алайда тексеру барысында көрсетілген сілтемелер мессенджерлердегі арналарға апаратыны анықталды. Ол арналар арқылы есірткі заттарын тарататын адамдар – «закладчиктерді» жалдау жүргізілген, – делінген хабарламада.

Ұсталған әйелден ондаған парақша мен бірнеше мобильді телефон тәркіленді. ІІМ мәліметінше, сол құрылғылар арқылы күдікті кураторлардан тапсырмалар алып, жазбаша байланыс жүргізіп отырған.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

admin

Келес аудандық аурухана қызметкерінің әрекеті көптің ашуын тудырды

admin

Түркістандық оқушылар газбен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан

admin