The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Әскери қызметшілердің балалары Түркістан облысындағы «Балдәурен» сауықтыру лагеріне демалуға келді

Төлеби ауданында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалындағы алтыншы ауысым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.

Түркістан қаласы әскери қызметшілерінің балаларынан бөлек, мұнда әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктер арасындағы жарыстардың өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен командалардың мүшелері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері мен кадет сыныптарының оқушылары келді.


Лагерьде балалар үшін мерекелік бағдарлама және аумаққа экскурсия ұйымдастырылды. Күн тәртібімен, тұру және қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін балалар бірден лагерь өміріне қосылды. Танысу, командалық ойындар және шығармашылық шеберханалар оларға достық атмосфераны сезінуге және жаңа жағдайға бейімделуге көмектесті.
Орталықта болу мерзімі — 21 күн. Бұл ретте мәдени-демалыс және сауықтыру іс-шараларынан басқа балалар мектеп бағдарламасы бойынша сабағын жалғастырады.
Әскери қызметшілердің балалары үшін мұндай демалысты ұйымдастыру Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің уағдаластықтары мен бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Жалпы, 2025 жылы «Балдәурен» орталығының филиалдарында мыңнан астам бала демалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

G-park-тен пәтер аламыз дегендер ақшасын да қайтара алмай қалды

admin

Зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі

admin

ТҮРКІСТАН: облыс әкімінің бірінші орынбасары атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қатаң бақылауды тапсырды

admin