The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Астана әкімдігі шеруге кіре алмаған ардагерден кешірім сұрады

 Астана қаласының әкімдігі Тыл еңбеккері Теңдік Изақовтан кешірім сұрап, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елорда әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады.

Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді. Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ, — деп хабарлады қала әкімдігінен.

Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады.

Теңдік Изақов 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында медиация тәртібімен шешілген істер саны 49 пайызға артқан

admin

ТҮРКІСТАН: Төлебиде жастар арасында форум өтті

admin

Шымкент: Ескі қалада қоймадан шыққан өрт сөндірілді

admin