The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бәйдібек: аудан әкімі Жарықбас елді мекеніндегі амбулатория құрылысының сапасын тексерді

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Жарықбас елді мекеніне арнайы барып, пайдалануға берілгелі тұрған медициналық амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Тексеру барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеменің басшысына құрылыс сапасының төмен деңгейде екенін айтып, анықталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша қатаң ескерту жасап, жұмысты шұғыл түрде  белгіленген мерзімде әрі сапалы түрде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар Ерлан Нұрмаханов амбулаторияның ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін маңызды екенін атап өтіп, мердігерге жұмыстардың стандарттарға сай орындалуын және барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.

Бұл шара әлеуметтік нысандардың сапалы пайдалануға берілуін бақылауға бағытталған аудан басшысының жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жылу электр станциясын жөндеу жұмыстары кезекті рет тексерілді

admin

Шымкентте орман, дала өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

admin

Түркістан: Төлеби «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

admin