The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

«Балқаш-Бурылбайтал» автожолы ақылы болмақ

  11 мамырдан бастап «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы ақылы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы  ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автомобиль жолының 1864-1955 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын мәлімдеді.

Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.

Балама тегін жол  «Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал» автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Шапан мен тақия киген роботтар наурызды тойлауға келді

admin

«Реал Мадрид» Алматыға жұлдызды құрам әкеле ме? Сарапшы болжам жасады

admin

Қазақстанда 2025 жылы құжат алу қанша тұрады

admin