The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі басталды

Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі басталды. Бокстан өтіп жатқан турнир 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.

Жарысқа Өзбекстан мен Қырғызстан республикасынан, Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған қалалары және Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облысы және Түркістаннан жалпы 300-ге жуық жас спортшы қатысуда. Бұл дода 15 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтайды.

Спорттық шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жиында сөз алған Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова қатысушыларға деген жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бокстан ұйымдастырылған турнир 1-қазанға дейін жалғасып, сайыс қорытындысымен жеңімпаздар анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Бұралқы иттерді аулауға және жоюға 129 млн теңге бөлінген

admin

Түркістан облысында жаңа жұмыс орындары құрылатын зауыттар мен кәсіпорындар салынуда

admin

Түркістан облысында санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондар реттеледі

admin