The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

БІЗ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАДЫҚ!

Сіз де өз таңдауыңызды жасап, республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз. Осы мемлекеттің  азаматы ретінде өз даусыңыздың маңызын сезініңіз.

Жаһандық сын-қатерлер уақытында бүгінгі референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың, өркендеудің кепілі болып отыр.

Мемлекет өмiрiндегі аса маңызды мәселеге арналған бүкiлхалықтық дауыс беру —  болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл биліктің халық пікірімен санасуы, үлкен өзгерістің бастамасы деп білемін.

Бұл референдум әрбір қазақстандықтың саяси мәдениетін,  жауапкершілігін, билікке деген сенімін арттырады.

Референдумға қатысып, қоғамға үн қосу арқылы еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күнде жұдырықтай жұмылуға шақырамын!

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам: Ақсукент ауылындағы базарда заңсыз сауда жасаушыларға зерделеу жұмыстары жүргізілді

admin

Шымкентте қоймадан киім-кешек ұрлаған жас жігіт сотталды

admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістанның орталық базарында тазалық жұмыстары күшейтілді

admin