The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс жиналады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жыл сайын елімізде қанша қоқыс жиналатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын елімізде шамамен 4,5 миллион тонна коммуналдық қалдық пайда болады. 2024 жылға қойылған мақсат – осы қалдықтардың 30 пайызын қайта өңдеу еді. Алайда іс жүзінде тек 25,8 пайызы ғана қайта өңделді, – дейді Нысанбаев Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, еліміздегі 20 өңірдің 7-еуі жоспарды орындай алмаған.

Әсіресе Ұлытау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласын ерекше атап өтуге болады. Бұл өңірлерде көрсеткіш айтарлықтай төмен болды. Қазіргі таңда біз осы салада қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешумен айналысып жатырмыз, – дейді Экология министрі.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Конституциялық комиссияның ІХ отырысы өтіп жатыр

admin

Атыраудың қақ ортасындағы апатты мектеп әлі бұзылмаған

admin

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары басталды

admin