The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкерлерге шабуыл: ҚМГ мәлімдеме жасады

Каспий құбыр консорциумының терминалындағы танкермен болған оқиғаға қатысты ҚазМұнайГаз мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

MATILDA кемесін ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы («Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС) жалға алған. Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. 13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмады. Залал көлемін бағалау жүріп жатыр, — деп мәлімдеді ҚМГ.

Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында дрондар екі мұнай танкеріне шабуыл жасады. Бұл терминал Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызын қамтамасыз етеді.

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, танкерлердің бірі Delta Harmony грекалық Delta Tankers компаниясының басқаруында болған және «Теңізшевройл» жобасының мұнайын тиеуі тиіс еді. Ал екінші танкер Matilda грекалық Thenamaris компаниясына тиесілі, ол Қарашығанақ кен орнынан мұнай тиеуді күтіп тұрған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: өнегелі отбасын көпке үлгі ету мақсатында «Ел ұйытқысы – ене мен келін» сайысы өтті

admin

115-летие легендарного полководца: память Бауыржана Момышулы почтили в Астане

admin

Абай облысында былтырғы орман өртінің зардабын жою үшін инвесторлар тартылып жатыр

admin