The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстанда декретке шығатын ер адамдар саны қанша?

Қазақстанда бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алатын әкелер саны өте аз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 2025 жылдың алғашқы екі айында небәрі 65 ер адам ғана бұл төлемді рәсімдеген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің BAQ.KZ тілшісіне берген ресми жауабына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 65 ер адамға тағайындалған. Бұл — барлық алушылардың 0,15 пайызына тең.

2024 жылы да осы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. 489 ер адам бала күтімі бойынша төлем алған. Бұл жалпы төлем алушылардың 0,15 пайызы.

Министрлік мәліметінше, бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі кезеңге төленетін әлеуметтік төлемді ресми түрде аналармен қатар әкелер де рәсімдей алады. Алайда бұл мүмкіндікті ер адамдар өте сирек пайдаланады.

Ұқсас жаңалықтар

Студенттер емтихан тапсырмау үшін жалған медициналық анықтама ұсынған

admin

Кентауда интернет алаяқтықтан сақтану туралы жиын өтті

admin

Түркістан облысында аудан, қала әкімдерінің жұмысын бағалайтын рейтинг жүйесі әзірленді

admin