The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстанның барлық өңірінде күн суытады

 Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.  Алдағы күндері кей жерлерде түнгі аяз күшейіп, сынап бағанасы -5 … -10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Оңтүстікте де температура біршама төмендейді

Оңтүстік өңірлерде түнде шамамен 0 … +5 градус сақталып, кей аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Күндізгі температура да біртіндеп төмендейді.

Шығыс аймақтарда жауын-шашын ықтималдығы жоғары, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Жолдарда тайғақ болып, көлік қозғалысы қиындайды деп болжануда.

Батыс өңірлерде де ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, ол қарға ауысады деп күтілуде. Түнде 0 … -3 градусқа дейін салқындауы мүмкін. Синоптиктер тұрғындарға жылы киініп, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамдарын қадағалауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Түркістан облысының бір ауданының 5 жігіті аударыспақтан чемпион атанды

admin

«Zhas Project» жобасына 3892 қазақстандық қатысады

admin

Ақпан айында көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы төленді

admin