The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қазақстанның бес өңірінде қалың қар, боран мен желге байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның бес өңірінде қалың қар, боран мен желге байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ деректері бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар, боран, жел, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ) республикалық автожолдардың тоғыз учаскесінде және облыстық маңызы бар 12 учаскіеде (Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау) қозғалыс жабық.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті:

  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар;
  • Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Автожолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы ақпаратты ҚР ТЖМ ресми сайтының «Шұғыл ақпарат» бөлімінен қарауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде желтоқсанда 179,4 мың автокөлік құралы есепке қойылды

admin

Тоқаев заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заңға қол қойды

admin

«Таза Қазақстан»: Абай облысында бұлақ маңы тазартылды

admin