The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Көкшетауда балабақша басшылығы қызметкерлеріне тиесілі өтемақыны төлемеген

 Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен зейнеткерлерге заңды өтемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша 20-дан астам азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылуын анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қызметкер зейнеткерлік жасқа толған кезде оған кемінде бір ай бұрын хабарлау және бір лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы бұзылады.

Қалалық білім беру ұйымдары зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге аталған өтемақыны төлемейтіні анықталды. Мәселен, қаладағы балабақшалардың бірінде 3 қызметкерге жалпы сомасы 800 мың теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы көлемінде өтемақы төленбеген, — делінген мәліметте.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 20-дан астам қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам өтемақы төленді.

Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кентау қалалық жылу орталығындағы қазандықтар іске қосылды

admin

Түркістанда жұмысшы мамандықтар жылы ресми ашылып, 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

admin

Ұлттық ұланның 400 әскери қызметшісі әскери парадта тағзым етті

admin