The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Мәжіліс депутаты Сарыағаш жастарымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге аудан  жастарымен кездесті. Еркін форматта өткен  кездесуге “AMANAT” партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Умбетәлиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысты.

Жиында бүгінгі буын өкілдерін алаңдатқан мәселелер талқыға түсіп, еркін форматта ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесу барысында  Нұрсұлтан Байтілесов  жастар арасындағы есірткі мен улы заттардың заңсыз айналымы, лудомания мәселелер бойынша бүгінде қолға алынған заң жобаларына тоқталып, кеңінен түсіндірді. Халық қалаулысы жастарды ел болашағына тұтқа боларлықтай тұлғаға айналуға шақырды.

– Сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Мен де Сіздер сияқты жас буын өкілімін. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген,-деп мәжіліс депутаты мемлекеттік жастар саясатында атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, мемлекет тарапынан жастарға арналған мүмкіндіктерді атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: қала әкімі инфрақұрылым жүйесіндегі мәселелердің шешімін қарастырды

admin

Шымкентте тәртіп сақшылары шетелдік азаматтарға көмек көрсетті

admin

Облыс әкімінің орынбасары мақта терім науқанының барысымен танысты

admin