The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Мемлекет пайдасына тәркіленген мүлікті ұрлап кеткен

 Алматы облысының прокуратурасы айып тұрағындағы тәркіленуде тұрған құны 100 млн теңгелік мүлікті тонау фактісін анықтады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Volvo FH» маркалы жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған.

Тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды. Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын «Mercedes E350» маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған. Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған. Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды, — деді Алматы облысының прокуратурасы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласының бас жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

admin

Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға ұшып барды

admin

АРМАН САБИТОВ: ең бастысы – сапа

admin