The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Мемлекеттік кеңесші «Алқа» жастар әдеби клубының отырысына қатысты

 Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда бекіткен және биыл алғаш рет аталып өткен «Ұлттық кітап күнінің» маңызы мен «100 кітап. Ұлттық сауалнама» жобасы талқыланды. 

Сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет, әдебиет туралы бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, жас қаламгерлер өздерін толғандырған ой-пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, елімізде «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы басталды.

Сауалнамаға қатысуға ниет білдірген әрбір азамат eGov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы сүйікті кітаптарын ұсына алады. Қатысушылар өздері үздік деп санайтын түрлі жанрдағы 10 кітаптың атауы мен авторын көрсетуі қажет.

Дауыс беру үш айға дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күні қарсаңында жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда мереке: «Көк-Төбе» телемұнарасы «Қайраттың» жеңісіне орай жарқырады

admin

Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сақтағаны үшін құрықталды

admin

Президент ВТБ банкінің басқарма төрағасын қабылдады

admin