The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Парламент мәжілісінің депутаты Қазығұрт ауданына келді

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасында Парламент Мәжілісі депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерінің республика өңірлеріндегі жұмыс сапарлары басталды.

Бекітілген жұмыс кестесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаевтың облысымыздағы жұмыс сапары бүгін Қазығұрт ауданында азаматтардың арыз шағымдарына құлақ түруден басталды. Жиынға Қазығұрт ауданы әкімі А.Исмаилов және ауыл әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.

Парламент өкілінің қабылдауына келген Шарбұлақ, Қызылқия,Сарапхана ауылынан келген ауыл билері мен ауыл тұрғындары жол, жарық, көгілдір отын мен мектепке қатысты шешілмей жүрген өзекті мәселелерді көтерді.

Көтерілген мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен шешілетін түйіндерді Парламент Мәжілісінің депутаты өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

Содан соң  Қазығұрт елді мекеніндегі 2 қабатты 8 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы және Ащыбұлақ дәрігерлік амбулаториясымен танысты.  Майлыошақ елді мекеніндегі «Қазығұрт» индустриалдық аймағындағы «Көрік» ШҚ табиғи шырын өндірісі кәсіпорнын аралап болған соң Шарбұлақ ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс сапар соңында Тұрбат ауыл округіндегі «Сайдусман ата» жылыжай шаруа қожалығының жұмыстарымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Талпыныс тәжірибесі

admin

Жол көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп

admin

Абай облысында үш адам суға ағып кетті

admin