The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Полицейлер фильм көрсету арқылы жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты үздіксіз атқарып келеді. Соның бірі облыс орталығындағы  «Тұран» сауда орталығының кинотеатрында «Шекер» фильмінің көрсетілімі кезінде ұйымдастырылды. 

Фильмді көрсетудің басты мақсаты — жастардың есірткі, оның ішінде «синтетикалық» есірткіні тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ көрермендерге заңсыз әрекеттерге жоламау туралы ой салуға бағытталды. 

Шара барысында тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, «синтетикалық есірткінің» зияндылығы туралы білуге және оларды қолданудан аулақ болуға шақырды. Көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, естелік сыйлықтар таратты. 

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 103 жастағы ұлы отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді

admin

ҰБТ форматы қашан өзгереді? – Министр нақты уақытын айтты

admin