The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Президент Сарыағаштағы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды

Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды аяусыздықпен азаптап өлтірген. Жантүршігерлік жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті анықталды. Бұл жағдай бойынша мемлекет басшысына мәлімет берілді. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз»- делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық делегация Иран инвесторларымен келіссөздер жүргізді

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта спорт және WORKOUT алаңшасы ашылды

admin

Шымкенттік тұрғын бауырына бүйрегін берді

admin