The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

РЕФЕРЕНДУМ: ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

Мерейлі отбасы облыстық байқауының І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады. Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отыр.
Айта кетсек, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша өтінім қабылдау басталады

admin

Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сақтағаны үшін құрықталды

admin

Единственное в казахстане профильное учебное заведение по подготовке кадров для индустрии туризма действует в городе Туркестан

admin