The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Референдум: ордабасылық ғасыр жасаған соғыс ардагері дауыс берді

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратов үй жағдайында №437 сайлау учаскесінің жылжымалы жәшігі арқылы дауыс берді. Ардагер 1924 жылы 20 ақпанда аудандағы Бөржар ауыл округі, Таздар ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында шайқасқан. Нәтижесінде қария “Құрмет белгісі”, I дәрежелі “Отан соғысы” ордендерімен және “Еңбек ардагері” медаліне ие болған.

Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысына 970 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

admin

Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды

admin

Жамбылдық шенеуніктер 100 миллионның зауытын 7 миллионға сатып жіберген

admin