The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрам: қоғамдық тәртіп басты назарда

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен кеңес өтіп, онда аудандық полиция басқармасы тарапынан 2024 жылы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынды ашқан аудан әкімі қоғамдық қауіпсіздік құқық қорғау қызметкерлерінің қырағылығына байланысты екенін атады.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Руслан Ендібаев баяндама жасады. Басқарма бастығынің бірінші орынбасары өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттермен бөлісті. Баяндамашы аудандағы қылмыстардың алдын алу, болған қылмыстарды дер кезінде ашу, жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында жүргізілген іс-шараларға тоқталды.

Аудандағы қылмысты азайтуға қатысты аудан әкімі Арман Сәбитұлы шешілуі тиіс мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары сараланып, қатаң бақылауға алуды, өсім алған қылмыс түрлерінің деңгейін төмендету бойынша тиісті іс-шаралар қабылдауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

admin

Түркістан: Дархан Сатыбалды «ж\Жайлы мектептің» құрылысын қадағалады

admin

Дархан Сатыбалды «Эко-культура» холдингінің президентімен кездесті

admin