The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрам: мәжіліс депутаты ауданымыздағы бірқатар нысандарды аралады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев Сайрам ауданына арнайы іссапармен келді.

Іссапар барысында халық қалаулысына аудан әкімі Арман Сабитов ауданның тыныс-тіршілігін таныстырды. Сондай-ақ, 2024 жылы атқарылған жұмыстары жайлы және де алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мәжіліс депутаты  «Айнабұлақ» мектебіне барып, білім ордасының бүгінгі жай-күйін көзбен көрді. 

Бұдан соң Қарасу ауылында орналасқан  «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Отбасын Қолдау Орталығына» табан тіреді.  Ғимараттағы жабдықталған кабинеттерді аралап, қызмет алушылар үшін қарастырылған жағдайлармен қанықты.   

Халық қалаулысы  білім беру және әлеуметтік сала нысандарының көптеп салынуы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыратынын айтты.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарды мәжіліс мінберіне жеткізіп, мәселелердің тиімді шешімін табуына ықпал жасайтынын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда «Алғашқы қоңырау» соғылып, білім күні мерекесі атап өтілді

admin

Жамбыл облысының тумасы шетелде лауазымды қызметке тағайындалды

admin

Көпбалалы отбасыларға Қазақстандағы салық жүктемесі азаяды

admin