The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрам: үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

Үкіметтік емес ұйымдар – үкіметтен тәуелсіз жұмыс істейтін еріктілер тобы. Олар қоғамдағы мәселелерді көтеріп, шешуге тырысады. Осы орайда, Сайрам ауданы әкімдігінде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері кездесіп, бірқатар мәселелерді саралады.

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Алипов ашқан жиында үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі және олардың мемлекеттік органдармен байланысын жетілдіру мәселесі талқыланды. Кездесуде мемлекеттің басты қағидаларын, мемлекет үшін салықтың маңыздылығы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсыну қажет екендігі айтылды.

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы мемлекеттің қандай да болмасын бастамасын жүзеге асыру жолында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалардың халық үшін маңызы өте зор екенін атады. Кездесу қорытындысы бойынша әр тараптар бұдан әрі де ынтымақтастықта қызмет етіп, жақсы жоба бастамаларды жүзеге асыра беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Кентау: ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар талқыланды

admin

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитеті құрылды

admin

Түркістанда жылына 72 мың данадан астам өнім өндіретін кәсіпорын бар

admin