The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрамдық волейболшы жасөспірім бұрымдылар республикалық турнирде бірінші орын алды

Жуырда Шымкент қаласында «Жасқанат» волейбол академиясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Жылдың басында басталған дүбірлі жарысқа 12 команда қатысып, бақтарын сынады.

2025 жылдың алғашқы жарысында Сайрам ауданындағы «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубының волейболшы қыздары керемет ойын өрнегін көрсетті. Республикалық турнирде жүлделі I-ші орынды олжалаған олар жаңа жылды жарқын жетістікпен бастап отыр.

Осылайша, «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттерінен құралған «Сайрам» командасы ел көлемінде өздерінің мықтылығын тағы да дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл – клубтағы талантты ойыншылардың қажырлы еңбегінің, олардың үйлесімді жұмыс істеуінің және Нематжон Насиридинов бастаған білікті жаттықтырушылардың тәжірибесінің нәтижесі.

Спортшыларымыздың бұдан да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

Ұқсас жаңалықтар

Республика бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнімнің 13 пайызы Түркістан облысына тиесілі

admin

Қазақ тілі үшін үлкен тілдік модель жасалады

admin

Түркістандық шаруалар мемлекеттік қолдаумен техникаларын жаңартып жатыр

admin