The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сауран: ауданда қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Сауран ауданы бойынша қардан тазарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қарлы кезеңнің басталуымен аудан орталығынан бастап барлық ауылдық округтерде тұз себу және қар күреу жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігі, жолдардың ашықтығын сақтау және қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету.

Қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі арнайы техникалар мен мамандарды тартты. Қазіргі таңда аудан аумағында 11 жүк тиегіш трактор мен 1 тұз шашатын КДМ жұмыс істеуде. Бұған қоса, тазарту жұмыстарына 80-ге жуық адам тартылған.

Тазарту жұмыстары тек аудан орталығында ғана емес, әрбір ауылдық округте де жүргізілуде. Қар мен мұздан тазартылған жолдар тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасап, көлік қозғалысын оңтайландырады. Әсіресе, қоғамдық көліктер мен жедел жәрдем қызметтерінің жұмысын жеңілдетіп, тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан нақты шаралар қолға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Бәйдібектің өндірістік әлеуетін көтеру жұмыстары жанданады

admin

ЖИ технологияларын мемлекеттік органдар қолдана бастайды

admin

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында сенбілік өтті

admin