The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сауран: “Сыр мен сымбат” қыз-келіншектер клубына 1 жыл

Сауран аудандық Жастар орталығы жанынан құрылған “Сыр мен сымбат” қыз-келіншектер клубының 1 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті.

Аталған клубтың негізгі мақсаты – жасөспірім қыздар, жас келіндер, Аналар алқасы мен Әжелер алқасын біріктіре отырып, өзін-өзі дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді зерделеуге және жеке тұлғаны жетілдіруге бағытталған ортақ алаң құру.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қыз-келіншектер мен Аналар алқасына жылы лебізін білдіріп, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, белсенділік танытқан аналарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

Аналар мен қыз-келіншектер ұлттық дәстүрімізді насихаттауға арналған көрме ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында биыл екі «Жайлы мектеп» ашылады

admin

Төлеби аудандық Мансап орталығында «жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде жәрмеңке өтті

admin

Түркістанда ТЖМ кубогы үшін өткен қоян-қолтық ұрыс турнирі қорытындыланды

admin