The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шардара: ұлт болашағы — жастардың қолында

”Жаппай мәдениеттің» теріс әсерімен күресу жолында дені сау әрі үйлесімді дамыған, өз мүддесін қорғай алатын, отанына жанашыр ұрпақты қалыптастыру, жалпы қоғамдық құндылықтарды құрмет тұту рұхында тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы тұрғыда аудандық  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  IV блоктан тұратын «Құқықбұзушылық және жауапкершілік»,  «Жаһандану әлеміндегі жастардың денсаулығы», «Деструктивті діни ағымдарды алдын алу» және “Серпін-2050” атты тақырыптарда арнайы бекітілген кестеге сәйкес  Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков, Достық, Ақшеңгелді ауылдық округтерінің жалпы білім беретін мекемелерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді.

Бұл кездесулердің мақсаты жасөспірімдерді әдепті, саналы адамзатқа және қоғамға пайдалы етіп тәрбилеу, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу,«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламалары аясында гранттарына үгіт –насихат жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың және жат қылықтардың (ертежүктілік, лудомания, аутодеструктивті мінез-құлықтың) қалыпты емес дағдарыстың алдын алу.

Іс-шара барысында орталық мамандары оқушыларға қылмыстық жауаптылық, жаза, қоғам алдындағы әрбір азаматтың жауаптылығын және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой-өрісін, қиялын, қызығушылығын, жалпы адами қасиеттерін қалыптастырудың түрлі жолдары туралы талқыланып, оқушылардың болашақ мамандығына саналы түрде таңдауға көмектесіп, олардың жоғары оқу орнына түсуге деген сенімділігін арттыруға бағыттады. Жастарды қолдау мемлекеттің болашағына жағдай жасау екені сөзсіз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қарт әжені алдап, ақшасын алған күдікті қолға түсті

admin

426 отбасы: Астанада үлескерлер алданып қалды

admin

Айына 10 мың теңге: зейнетақыңызды қалай көбейтесіз?

admin