The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шардара: жаңадан индустриялды аймақ ашылады

Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев жауапты бөлім басшыларымен бірге жаңадан құрылатын индустриялды аймақпен танысты. Онда жер көлемі, инфрақұрылым тарту және басқа да мәселелерін талқылап, мамандарға шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

«Индустриялды аймақтарды ашу бұл ең алдымен ауданның әл-ауқатын көтереді. Өйткені, бюджетке салық түседі, тұрғындар жұмыспен қамтылады және кәсіпорындар арқылы ауданның экономикалық имиджі қалыптасады. Халықтың жағдайы жақсы болса елдің әлеуеті артады деген сөз. Сондықтан ауданға инвестиция тарту бұл ең басты бағытымыздың бірі.»- деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, қаланың шеткі бөлігіндегі №4 шағынауданға барып, биылғы жылға бірнеше көшелерді асфалттау, тас төсеу бойынша жұмыстарды талқылады.

Атап айтсақ, ағымдағы жылы  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында  14 көшені және жергілікті бюджет қаржысы есебінен аудан бойынша 21 көшені орташа жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Бұдан бөлек, үнемделген қаражат есебінен тас төсеу жұмыстарын жүргізу де күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Ұзақ мерзімді перспективада АЭС арзан әрі тұрақты энергия көзі болуы мүмкін

admin

Биыл Шымкентте 608 адамды кене шағып, дәрігерге жүгінген

admin

ТҮРКІСТАН: биыл Жетісайда 13 спорт нысаны салынады

admin