The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шатыр арқылы кіріп жүрген әккі ұры ақыры ұсталды

Шымкентте ұрлық жасауды кәсіпке айналдырған жас жігіт ұсталды. Қазіргі таңда оның 3 дүкенге ұрлыққа түскені белгілі болып отыр. Күдікті сауда орындарына шатыр арқылы кіріп, арам пиғылын жүзеге асырып жүріпті.

Полицияға үш дүкен иесі арызданған. Олардың айтуынша, Қайнарбұлақ саяжайы аумағында орналасқан сауда нүктелеріне белгісіз біреу ұрлыққа түскен. Ұрлық операциясы түнгі уақытта жасалған. Жас жігіт ғимараттардың шатырын ашып, төбені бұзу арқылы ішке кірген. Ол екі дүкеннің кассасынан жалпы сомасы 130 мың теңге жымқырып кеткен. Ал үшінші сауда нүктесінен смартфон, ақша және сөредегі алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін қолды еткен. Оған келтірілген шығын 1 млн теңгеден асқан.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын болып шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт ұсталып, қамауға алынды.

Күдіктінің дүкеннен бөлек, тағы екі саяжай ұрлығына қатысы бар екендігі анықталыпты. Ол алғашында біреудің үйінің ауласынан велосипед ұрласа, кейін зейнеткердің үйінен ұялы телефоны мен киім-кешектерді жымқырған.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс-құжаттар барлық жиналған дәлелдемелермен сотқа жолданады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы халқының 92,2 пайызы интернет желісімен қамтылған

admin

Төлеби: ұсыныстар назарға алынып, мәселенің шешу жолдары қарастырылды

admin

Алматыдағы “Көк базар” тексеріледі: Саудагерлер қысым туралы шағымданған

admin