The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шымкентте Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Шымкентте пара алды деген күдікпен Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Елордадағы «Жерұйық» саябағында қазақстандық жауынгерлерді еске алды

admin

Жасанды интеллект пен суперкомпьютер: Қазақстанды цифрлық ұлтқа бастайтын қадам

admin

Бүгін Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

admin