The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шымкентте жолдың ортасында билеген блогер жазаға тартылды

«Батлдың жеңіліс шарттарын орындау үшін өз өмірін қатерге тікті»: Шымкентте тікелей эфирде жол ережесін бұзған тиктокер жазаланды. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтады.

Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған. «Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсетті.

Қырық секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны.

Бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің түркі әлемінің бірлігіне ерекше тоқталуы кездейсоқ емес – сарапшы Бауыржан Әукен

admin

ҚР су ресурстары және ирригация министрі түркістан облысындағы бірқатар нысанды аралап, тұрғындармен кездесті

admin

Санкциялар мен соғыс: Қырғызстан сарапшысы Орталық Азияға әсерін түсіндірді

admin