The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Тағы да шахтада жарылыс болды

Испанияның Астурия аймағындағы көмір шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі El Mundo басылымына сілтеме жасап. Оқиға салдарынан екі жұмысшы қаза тауып, тағы төрт адам үйінді астында қалып қойды. Ал үш адам жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмыс кезінде шахта машиналарының бірі жанып, артынша жарылған. Осыған байланысты адамдар күйік алып, ауыр жарақаттар алған.

Екі ауыр жараланған адам алдымен Леондағы медициналық орталыққа жеткізілді. Кейін олардың бірін санитарлық тікұшақпен мамандандырылған ауруханаға, ал екіншісін жедел жәрдем көлігімен басқа медициналық мекемеге алып кетті. Тағы бір жараланған адам Cangas del Narcea ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Тау-кен құтқару қызметі Hunosa, кинологтар және арнайы техника шахтерлерді табу және эвакуациялау үшін операцияға жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Трансшекаралық өзендер проблемасы. Ресеймен табанды түрде жұмысты жалғастыру керек – Әшімбаев

admin

Алматы облысында 1000 түйеден құралған керуен әлемдік рекорд орнатты

admin

Келес: ақжол ауылында 150 орындық оқу корпусы пайдалануға берілді

admin