The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Теміртауда зейнеткерді аяусыз ұрған жасөспірімдердің кім екені анықталды

 Қарағанды облысы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Киселёва жасөспірімдердің қазір қайда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Уәкіл Теміртауда жасөспірімдердің жалғызбасты зейнеткерге жабылып көрсеткен қорлығына қатысты пікірін айтты.

Оның сөзінше, барлық қатысушыны полиция анықтады.

Қарағанды облысы бойынша Балалар құқықтарын қорғау басқармасымен және облыстық әкімдік жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге Теміртау қаласына комиссия отырысына бара жатырмын. Айта кетерлігі, бұл жасөспірімдер бұған дейін ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған отбасыларда тәрбиеленген, — деді Ирина Киселёва.

Уәкілдің дерегінше, жасөспірімдердің көбі ювеналды полицияның есебінде тұрған, бұған дейін құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасаған, сондай-ақ сабақтан жиі қалған.

Қазіргі уақытта 5 жасөспірім уақытша ұстау изоляторында, 3-уі – елден кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 26 трлн теңгеден асты

admin

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орын алды

admin

Жамбыл: электр қуатын жеткізушінің тарифті көтеру әрекеті заңсыз — прокуратура

admin