The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Төлебиде ғұмырларын еңбекке арнаған әулет бар

Төлеби ауданында ҰОС ардагері Отарбай Есболовтың әулеті түгелдей еңбек адамдары. Олардың еңбек өтілі жүз жылға жуықтайды. Әулеттің үлкендері өткен ғасырдың 47 жылдары білім саласында еңбек ете бастаған.

Әулеттің екінші буын өкілі Шырынбек Есболов білім саласында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, мектеп ұжымын басқарып,саналы ұрпақ тәрбиелеген. Бұл күнде Төлеби ауданының  Құрметті азаматы. Үшінші буын өкілі Отарбай Нұрлыбек М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң  ұлағатты ұстазы, ғылыми дәрежелі PhD докторы.

Қ.Р. білім- ғылым саласына сүбелі үлес қосумен қатар, спорт, мәдениет, қайырымдылық іс шараларда да аянбай атсалысып жүр. Әулеттің немерелері Шырынбек Шұғыла, Шырынбек Балауса да педагогика мамандығын таңдап, білім гранты иегерлері, Астана қаласындағы Гумилёв атындағы ЕҰУ-ң студенттері.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: күрделі ота сәтті жасалды

admin

ТҮРКІСТАН: облыс әкімінің орынбасарының жеке қабылдауында маңызды ұсыныстар айтылып, мәселелер көтерілді

admin

Шабыт пен жанашырлық ордасы: Алматыда тұңғыш заманауи өнер мұражайы ашылды

admin