The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түлкібас: сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы және азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі

16 қаңтарда Түлкібас аудандық «Мансап орталығы» филиалы директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы және ұжым қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы» және « Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі » тақырыбында жиын өтті.

Жиында орталық басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Сондықтан мемлекет пен қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп әрекет етуіміз керектігін сонымен қатар  әдеп нормалары мен талаптары барлық азаматтық қызметшілер үшін міндетті болып табылады, олар қатаң сақталуы тиіс екендігін мекеме қызметкерлеріне ескерте кетті.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең екендігін, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу – орталық қызметкерлерінің де міндетіне кіретіндігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

admin

Түркістаннан «Бірлік керуені» Елордаға аттанды

admin

Енді жолда көліктерге жол бермегендер айыппұл төлейді

admin