The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ақылдыммен ақылдымын» байқауы қазығұрт ауданында жалғасты

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасымен «Ақылдым» журналының ұйымдастыруымен Қазығұрт аудандық балалар кітапханасында «Ақылдыммен Ақылдымын» атты акция байқауы өтті.

Дарынды балалар сайысына 13 үміткер қатысты. «Ақылдым» журналының редактоы Бейсенкүл Нарымбетова, облыстық «Фараб» әмбабап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдаулетова байқауға қазылық етті. Қатысушылар үш кезең бойынша сайысқа түсіп, бақ сынады. Бірінші кезең бойынша «Адамгершілік,  ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында эссе жазып сахнада қорғады. Екінші кнзең бойынша балалар жетекшілерінің көмегімен қабырға газетін шығарып, зерттеу жүмыстарын жүргізді. Ал үшінші кезеңі бойынша балалар өздерінің сүйікті шығармалары бойынша сахналық қойылым мен өлең оқып, сахна көркін ажарландыра түсті.

Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдеге Қызылқия ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрақбай Нұрдәулет,  1-орын Жігерген ауылдық кітапханасының жас оқырманы Таңсық Рысай, 2-орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқырманы Қылышбек Жанару, 3-орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқырманы Жаппарова Бибінұр иеленді. Ал ынталандыру сыйлығымен Сейтжаппар Айзере,  Рыхсыбай Садоқат,  Исламбек Асылай мапапатталды. Барлық жеңімпаз балаларға алғыс хат табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда волейболдан жасөспірімдер арасында Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған республикалық жарыс басталды

admin

Абай облысында еріген су тасып жатыр

admin

Дамыған елдер АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отыр

admin