The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: «КЕНТАУ-СЕРВИС» жылу энергия орталығына күрделі жөндеу жүргізілуде

Кентау қаласындағы жылу электр орталықтарына жаппай күрделі жөндеу жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына іссапармен барып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан №5 жылу электр орталығының жұмыс барысын бақылады.

Бүгінде №7,8,9,10,11,12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізіліп, №7 және 12 қазандықтары қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, №9 және 10 жылу казандықтары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Аралау барысында Зұлпыхар Жолдасов, жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында орындалуы керектігін ескертіп, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жауын-шашын болады

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады

admin

Үкіметте оңтүстік өңірлердегі орта бизнестің жаңа жобаларын қолдау талқыланды

admin