The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары жеке қабылдау өткізді

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша жергілікті тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға Түркістан және Кентау қалаларының, Сарыағаш ауданынының тұрғындары келді. Олардың көпшілігі баспана алу, тұрғын үй кезегіне тұру мәселелерін қозғады. Зұлпыхар Жолдасов тұрғын үй заң аясында кезек реттілігімен берілетінін түсіндіріп, мемлекет тарапынан 4 санат бойынша тұрғын үйлерді жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялау тетіктері қарастырылғанын жеткізді. Тұрғын үй кезегі бойынша жауапты басқарма тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілетін болды.

Сонымен қатар сарыағаштық тұрғын өңірдегі туризм саласын дамыту бағытында ұсыныстарын жеткізіп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсету, көрсетілетін қызметтерді лицензиялау мәселесін ортаға салды. Алдағы уақытта Облыстық туризм басқармасы тарапынан демалыс аймақтарының басшыларына түсіндіру жұмыстары атқарылады.

Одан бөлек, жер алу, қоғамдық көлік бағытын реттеу, көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы, жылу жүйесіне тариф бағасының қымбаттауы, апатты үй сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты тұлғаларға халықпен ашық диалог орната отырып жұмыс істеуді, көтерілген мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Ертіс өңірінде әскери техниканың дайындығы тексерілді

admin

Түркістан: “бүгін жоспар жүйелі түзілмесе, ертең тірлік өнбейді”

admin

Путин, Мирзиёев, Жапаров: Референдумнан кейін Мемлекет басшысын әлем көшбасшылары құттықтап жатыр

admin