The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысы: дауыс беру учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумда дауыс беруі үшін учаскелерде барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, арнайы пандустар, сары жолақтар, жәшіктер орнатылған. Бүгін Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылындағы №23 дауыс беру учаскесінде 18 жастағы ерекше жан Төлен Бибігүл өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат өз таңдауын жасайды. Сонымен қатар, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы жүйе: Комплаенс қалай жұмыс істейді?

admin

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында 13 мәселе қаралды

admin

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Аргентина – Испания матчы өтпей қалуы мүмкін

admin