The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысы тұрғындарының 85,5%-ы табиғи газбен қамтылған

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылым саласын дамытып, елдегі табиғи газға қосылған елді мекендер санын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы орайда 2025 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 807 елді мекеннің 563-і (69,7%) немесе 1 833 455 тұрғын, яғни 85,5%-ы табиғи газбен қамтылған.

Биыл да өңірдегі көгілдір отынды тұрақты пайдаланушылар санын біршама арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылмақ.  Жыл соңына дейін облыс аумағындағы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету үшін 47 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Оның 25-і 2025 жылы пайдалануға берілсе, қалған 27 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі.

Бұдан өзге, «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген. Құжатқа сәйкес, облыстағы 244 елді мекен (311 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Медициналық-құқықтық көмек алған қазақстандықтар саны 50 мыңға жуықтады

admin

Қазақстандықтар дәрігер қателіктерінен зардап шегуде: Көш басында – Астана

admin

Заңсыз тексеру жүргізгендерге айыппұл салынды

admin