The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысында бір мектептен 50-ге жуық дәрігер шыққан

Келес ауданына қарасты N28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан.

Бүгінде солардың қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі Беркін Туркулов, елімізге танымал Сарыағаш ауданындағы емдік шипажайлардың бірінде бас дәрігер Бурабаев Мұстафа, білікті УДЗ дәрігері Артыкбек Керимбердиев, Жезқазған қала қалалық ауруханасында істейтін анестезиолог-реаниматолог Илес Нұрғазы, оториноларинголог Асанов Еркеғали сияқты тағы басқа білікті дәрігерлер еліміздің түкпір-түкпірінде медициана саласында қызмет атқаруда. Олардың барлығы N28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебін тәмамдаған.

— Жүз жылға жуық тарихы бар мектептен дәрігерлер ғана емес елімізге қызмет еткен азаматтар да оқыған. Олардың қатарында Лениншіл Рүстемов, Қайыпберді Ерназаров, Рәтбек қажы Нысанбаев, Жорабай Тәжібаев, Ілес Садықов, Шахыдин Қасымбеков, Ақберді Асабаев, Болатбек Анарбаев, Нұрқұл Жұмағұлов, Әбдіғани Қасымбеков, Гүлия Қасымбекова сияқты мектеп түлектерімен мақтанамыз. Білім ошағында тәжірибелі педагогтар сабақ береді. Шынында мектепте медицина саласын таңдаған оқушылар да көп,– дейді директор орынбасары.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім ордасында 600-ден аса оқушы білім алады. Сондай-ақ жалпы саны 78 мұғалім сабақ береді.

Ұқсас жаңалықтар

«Алтын белгі» иегерлеріне білім гранттары табысталды

admin

Әлем чемпионатында нысана көздеуден жерлесіміз алтыннан алқа тақты

admin

Алматы Студенттер Лигасы – 2025–2026 маусымының басталуы

admin