The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасы аудандық орталық ауруханасы заманауи құрылғылармен толықты

Биыл Ордабасы аудандық орталық ауруханасы заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған-ды. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томография (МРТ), стационарлық ангиография құралдарымен толықты.

Заманауи үлгідегі аппараттар диагностикалық зерттеу барысында дәрігерлерге нақты ақпарат беру арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, диагнозды анықтауға көмектеседі.

Магниттік-резонанстық томография (МРТ) және Компьютерлік томография (КТ) Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына жүйке жүйесі аурулары (бас және жұлын миы), тірек-қимыл аппараттары (омыртқа, бұлшық ет-буындық жүйе, буындар) тағы бірқатар ішкі құрылыс ауруларын диагностикалауда қолданылып жатыр.

Бүгінде озық үлгідегі жабдықтардың көмегімен Ордабасы, Бәйдібек, Арыс аудандарында науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде жасалып жатқан кардиологиялық,  неврологиялық, хирургиялық оталар сәтті аяқталуда. Енді тұрғындар аудан деңгейінде тиісті медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы колледж студенттерінің 70%-ы тегін оқиды

admin

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселесі талқыланды

admin

Жетісай ауданындағы өрт сөндіру бөлімдерінің дайындығы жоспарлы тексерістен өтті

admin