The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Сайрамдық боксшы еуропадан жүлдемен оралды

Румынияның Браила қаласында жасөспірімдер арасында «Dracula Open – 2025» халықаралық бокс турнирі өтті. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының атынан сайрамдық былғары қолғап шеберлері де рингке шықты.

Айтулы додада 70 келі салмақ дәрежесінде  жерлесіміз Талғат Абылай 2-орынды иеленді. Бұл нәтиже сайрамдық жас боксшының жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, алдағы жекпе-жектерде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретінін дәлелдейді.

Талғат Абылай Ұлықбекұлы 2009 жылы Сайрам ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген.  2020 жылы Ақсу жекпе-жек спорт клубының бокс бөліміне қабылданды.

Бұған дейін  Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында, Түркістан, Алматы, Өскемен қалаларында өткен кіші жасөспірімдер арасында өткен біріншілікте жеңімпаз атанса, Тараз қаласында өткен тунирде өз салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Біріккен Араб әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтетін Азия біріншілігіне жолдама алды.

Абылай Талғат соңғы екі жыл ішінде Түркістан облысының аймақтық чемпионатында, Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Батыс аймақтық чемпионатында және ел біріншілігінде ұйымдастырлған турнирлерде жеңіс тұғырынан көріне білді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда оқушы қызды қатарластары аяусыз соққыға жыққан

admin

Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

admin

Тоқаев ЕЭО және оған мүше мемлекеттерге қатысты заңға қол қойды

admin