The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Төлебиде қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті

Төлеби ауданында «Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ-ның бірлесе ұйымдастыруымен жиын өтті. Іс-шара Тәжік – Ауған шекарасынан Қазақстан бітімгершілік әскерінің шығарылғанына 24 жыл толуына арналады. 8 ақпан — қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылған күн. Осыған орай, бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған әскерлердің рухына тағзым етілді.

Шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен арнайы төсбелгі табыстады. Іс-шара Аққұм ауылдық округіндегі Қ.Тыныбеков жалпы орта мектебінде жалғасып, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Спорттық сайысқа Түркістан облысы аумағының 4 ауданынан 8 команда жиналып, 150-ге жуық жасөспірім өзара бақ сынады.

Спорттық сайыс қорытындысымен жеңімпаз атанғандар арнайы сыйлық, медальдармен марапатталды. Марқұм болған сарбаздардың рухына құран бағышталып, ас берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталады

admin

Қазақстандағы банктердің табысы жарты жылда 1,4 трлн теңгеден асты

admin

Түркістан: Кентауда 300 орындық мәдениет үйі салынады

admin