The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы «ұлттық спорт клубы» чемпион атанды

Соңғы кездері елімізде ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік деңгейде қамқорлықтар көрсетіліп келе жатқан ұлттық ойынымызды дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында өткен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы XII Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан құрамасының мерейі үстем болып, чемпион атанды.

Облысымыздың тақымы мен білегі мықты жігіттерінен құрылған 14 команда қатысқан байрақты бәсекенің ақтық сынында Шымкент құрамасымен күш сынасқан Түркістан құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жеңіске жеткізген 5 салымның 3-ін «Жетісай ұлттық спорт клубының»мүшесі, жас шабандоз, аталмыш чемпионаттың «Үздік шабуылшысы»атанған Ерболат Айтуған салды.

V дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан жеңіспен оралған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жерлесіміз Абылайхан Нышанбековпен қатар Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрімен бүгінде ауданда 2 мыңға жуық азамат шұғылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы пысықталды

admin

Түркістанда ҚХА-ның 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті

admin

Енді мұғалімдер біржолғы төлем ала алады

admin