The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық 6 жасар қыз әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Жетісай ауданында бүгінде спорт түрінің бренд ойындарының біріне айналған ақыл мен ой-өрісті дамытуға бағытталған шахмат ойынына қызығушылық танытушы ересектер мен балалардың, жасөспірімдердің қатары күн санап  артып келеді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ жанынан өткен жылы ғана ашылған шахмат бөлімінде 4 жаттықтырушы ауданның 3 нүктесіне 56 қатысушымен қарқынды жұмыстар жүргізуде. Нәтиже де жаман емес.

Жуырда ғана, яғни, 14–26 қаңтар аралығында Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында «Жетісай спорт клубы» мекемесінің спортшысы, 6 жасар Раяна Абайқызы классикалық шахматтан ел чемпионы атанды.

Адам баласының дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын, зейінділікті шыңдай отырып әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге үйрететін, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектесетін шахмат жарысына еліміздің барлық облыстарынан 980 шахматшы қатысты.

«Жетісай спорт клубы» мекемесінде Абдуғазиз Балтабаевтың қарамағында жаттығатын Раяна өткен жылдың желтоқсанында Түркістан қаласында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Түркістан облысының чемпионатында G6 категориясы бойынша да чемпион атанған болатын. Енді Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Тағы да тұрғын үй мәселесі: Астаналықтар саябақтың орнына салынбақ құрылысқа наразы

admin

ІІМ-де үлкен ауыс-түйіс: Алматы, Түркістан және өзге өңірлерде полиция басшылары жаңарды

admin

Семей полигонының жабылғанына 32 жыл!

admin