The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: зиянкестермен күресу шаралары пысықталды

Марокко шегірткесінің күбіршелеріне күздік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысында 2025 жылы химиялық өңдеуден 529 мың гектар аумақты өткізу межеленді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жауапты басқарма басшыларымен жиын өткізіп, жұмыс жоспарын пысықтады. Қазіргі таңда залалданған аумақтар 65 топқа бөлінген. Бұл 9 аудандағы 57 ауыл округті қамтиды.

Мәжіліс барысында бөлінген аймақтарға мамандарды бекіту, анықтаушылар тізбесін нақтылап, әдістемелік дайындықтан өткізу, сонымен қатар химиялық өңдеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

– Мемлекеттік тапсырыс аясында атқарылатын жұмыстан бөлек, салалық инспекциялар, болжам орталығы және жергілікті атқарушы органдар күшейтілген жұмыс режиміне дайын болуы керек. Ерте қамданғанның еңбегі далаға кетпейді. Қаңтар айының соңына дейін құжаттардың барлығы заң аясында реттеліп, ақпан айында анықтаушыларды дайындықтан өткізуді бастау қажет. Аудан-қала әкімдіктерімен келісе отырып, анықтаушылар тізімін бекіту ісі толық орындалмаған. Жұмысты уақытылы орындамаған тұлғалардың жауапкершілігі қатаң сұралатынын тағы да ескертемін, – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Зиянкестермен күрес шараларын 15 күнде аяқтау үшін қосымша 843 маман, 117 автокөлік жұмылдыру көзделуде. Сондай-ақ, химиялық препараттардың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс барысында басшылыққа алу үшін ғалымдармен пікір алмасу келісілді.

Ұқсас жаңалықтар

4 елді мекенге инфрақұрылым тартуда

admin

Қазақстанда әйелдердің цифрлық экономикадағы үлесі артып келеді

admin

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

admin